Ақтауда газ бағасы қымбаттады
Ақтауда сұйытылған газдың бағасы қымбаттап кетті. Кешелі бері газдың литрі - 62 теңгеден сатылған. Ал бүгін газ құю бекеттерінің басым бөлігі 65 теңгеге көтеріп жіберді. Бағаның өсуі көлік жүргізушілерінің қалтасына салмақ салып отыр.
Қазтуған Есболов, Ақтау қаласының тұрғыны:
Кеше 60 тан еді, күннен-күнге қымбаттап 65-70 қылды.
Марат Жолболсынов, Ақтау қаласының тұрғыны:
Газ неге қымбаттап жатыр? Маңғыстауда газдың ортасында отырған жоқпыз ба? Ең болмаса 50-55 теңгеге халық көніп еді. Мынау енді 70 деген не сұмдық?!
Жергілікті билік мәселеге қанық. Айтуларынша, бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр. Біріншіден, өңірге Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасымалданатын газ жоғары бағамен келіп жатыр. Екіншіден, облыстағы «Қазақгазөңдеу» зауытының өнімі электронды сауда алаңында қымбат сатылуда. Әрі облыста газдың литрін 50 теңге шекті бағадан асырмау жөніндегі министрліктің бұйрығы наурыздың 1-нен бастап күшін жояды.
Бауыржан Ерпан, облыстық энергетика және түкш басқармасының бас маманы:
«Қазақгазөңдеу» зауыты шығаратын өнімнің 35 пайызы электронды сауда алаңдарында сатылады. Және ол ай сайын өсіп келеді. Жыл аяғына дейін 100 пайыз өтеді. Яғни бұл жерде баға өсуі болжануда. Қазіргі таңда 70 болса, 80-90 ға дейін баруы мүмкін.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02