Медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі
2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың 2023 жылы 561 мың теңгеге жетеді. Орта медицина мамандарының да айлығы өседі. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында осы салаға қатысты бірқатар жоспарлар пысықталды. Денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысының биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын еске салды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді. Қазіргі уақытта 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен қаржы да қарастырылып қойыпты.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:Коронавирус инфекциясы кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған 3 тәуекел тобына 116 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді. Үстемақымен қатар, Мемлекет басшысының шешімінің арқасында 9 мыңнан астам науқас медициналық көмек үшін әлеуметтік төлем алды. Өткен жылы жалпы медицина мамандарының жалақысы 20-30 пайызға көтерілді. Кезең-кезеңімен жалақыны өсіру жұмыстары жалғасады. 2023жылға дейін бюджеттен қаржы қарастырылды.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02