Түркістан облысының тұрғындары жайылымға жарымай отыр
Түркістан облысы Темірлан ауылының шаруалары мал жаятын жерден тарығып отыр. 25 мыңнан аса халқы бар ауылдағы жайылымға бөлген жерлерге бес ауылдың малы жайылады. Ал елд імекеннің іргесіндегі алқаптар суармалы жерлер ретінде кәсіпкерлерге берілген. Атшаптырым аумақты меншіктегендер оған мал өтпесін деп қазып тастаған. Сол себепті темірландықтар амалсыз малдарын сатуға көшкен. Кейбірі төрт түлігін қорасынан шығармай, қамап ұстауға мәжбүр.
Құрасбек Ақжігітұлы, Темірлан ауылының тұрғыны:Үйде ұстаймыз, қырға шығарамыз. Қырда шөп жоқ, қайтадан келеді. Сиырлардың бәрі арық.
Тұрғындарды титықтатқан мәселеден жергілікті билік хабардар. Айтуларынша, жайылым үшін жер берілген. Аудандық жер қатынастары бөліміндегілер ауылда басқа жер жоқ екенін алға тартты.
Берік Алтынбеков, Ордабасы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:Темірлан елді мекеніне ортақ жайылым жер Ынталы елді мекенімен қосылып, 2 мың гектарға ортақ жайылым жер бекітіліп берілген, аудан әкімінің 2019 жылғы қаулысы негізінде.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15