Ауыз бекіткен жандар вакцина салдырса оразасы бұзылмайды
Ауыз бекіткен адамдар вакцина салдырса оразасы бұзылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылман діни басқармасының мамандары айтты. Олардың сөзінше қандай да бір азық-түліктік зат ағзаға ауыз, мұрын, тікішек арқылы ішке кірсе, онда ораза бұзылады. Ал препарат тек бұлшық етке салынады. Сондықтан ниет еткен мұсылман қауым алаңдамаса болады. Сондай-ақ мүфтият мамандары Спутник V вакцинасының халал екенін растады.
Хасан Аманқұлов, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары:
Екпе ол біріншіден азық емес, екіншіден табиғи емес жолмен ішке енгізіледі. Сондықтан екі шарт табылмағандықтан, біздің масхабта, біздің ұстанымда екпе егу оразаны бұзбайды деп жауап береміз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15