Ақтауда әскери ұшақ тасжолға қонды
Ақтауда трассаға әскери ұшақ қонып, тұрғындардың үрейін туғызды.
Әуе кемесі Ақтау-Жаңаөзен тас жолына қонған. Сол себепті жол жабылып, көліктерге айналып өтуге тура келді. Мұндайды алғаш көрген көлік жүргізушілер оқиға орнынан бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберді. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл республикалық оқу-жаттығу болып шықты.
Асылбек Жұмабаев, кеме командирі:«Алтын жебе» әскери ұрыс жаттығуларды тексеру барысында әскери көлік авиациясының тарихында алғашқы рет автокөлік тас жолына қонуды орындадық. Орындау барысында қойылған тапсырмаларды С 295 экипаж құрамы ойдағыдай орындап шықты.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02