Қарақия ауданының кәсіпкерлері қайықтарын заңға сай жасақтауға қарсы
Маңғыстауда балық аулаумен айналысатын Қарақия ауданының кәсіпкерлері қайықтарын заңға сай жасақтауға қарсы. Себебі, олардың айтуынша талапқа сәйкес келетін 200 келілік қайықпен тайыз жағада балық аулау мүмкін емес. Оған қоса, қайықты қозғалтқышымен бірге 3 млн теңгеге сатып алуға бәрінің бірдей шамасы келмейді. Сондықтан олар өздерінің резеңке қайықтарымен жұмыс бастауға мүмкіндік беруді талап етті. Қазір облыста 500-ге жуық балықшы бар. Айта кететін жәйт, балық аулау кәсібінде қозғалтқышы 8 киловатқа дейінгі 200 келілік қайықты қолдану жөніндегі заң талабы осыдан 6 жыл бұрын шыққан.
Бекарыс Қалмағамбетов,-балықшы:
Біз 200 келі қайықпен балық аулай алмаймыз. Мына тобықтан келетін жерге 200 келі балықпен қалай аулаймыз.
Адизал Шихметов, Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Заңға өзгерістер 2015 жылы енгізілгенімен, біз талап қоюды биыл ғана қолға алдық. Себебі, оған дейін басқарма Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының құрамында болып, жұмыс тоқтап тұрды. Талап барлығына ортақ. Балықшылардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02