Еуропада «Дельта» штамы дендеп барады
Еуропада «Дельта» штамы дендеп барады. Вирустың мутацияға ұшыраған түрі осы қарқынмен таралса, күзде індеттің төртінші толқынына тап боламыз деп дабыл қағуда мамандар. Үнді штамына тосқауыл қою үшін Еуроодақ елдері екпе науқанын күшейтті. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:«Дельта» штамы Испания, Франция, Германия, Бельгия, Люксембург, Швеция, Нидерланд, Финляндияда тіркелді. Өте жылдам таралып жатыр. Португалияда ковидпен ауырған азаматтардың 90 пайызында осы жаңа штам анықталуда. Сондықтан, ел астанасы Лиссабон мен 45 аймақта қайтадан комменданттық сағат енгізілді. Испанияның Каталония аймағында да түнгі клубтар, ойын-сауық орындары жабылды. Сыртта өтетін шараларға екпе салдырқандар мен ПТР тест тапсырғандар ғана қатыса алады. Бүгіннен бастап Болгария мен Грекияға Ресей, Испания мен Кипрден, яғни індет өршіп тұрған аймақтардан келгендер шекарадан өткенде ПТР тест тапсыруға міндетті.Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жақын. Бүгінге дейін Еуропалық Одақ елдеріндегі ересектердің 61 пайызы екпенің алғашқы дозасын, ал 42 пайызы толықтай вакцина алған. «Дельта» штамы күшейгеннен бері өз еркімен екпе салдыртуға асыққандардың қатары көбейді-дейді аурудың алдын-алу және бақылау орталығының мамандары. Халықты ынталандыру шарасы да жүріп жатыр. Мәселен, Словакия екпе алғандар арасында апта сайын 2 млн еуроға лоторея ойнатуды бастады. Өзгелерді вакцина салдыртуға көндіргендерге де ақшалай сыйақы тағайындалған. Алдыңғы толқындардағы қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін қарт құрлық елдері екпе науқанын күшейтуге барын салып жатыр.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01