Семейде бір апта ішінде 16 той өткізілгені анықталды
Қарағанды облысында кезекті рет карантин талабын бұзғандар ұсталды. Теміртаудағы мейрамханалардың бірінде той тойлап жатқан қонақтар, мониторингтік топ келгенде қосымша есік арқылы жазық далаға қарай қаша жөнелген. Ал күзетшілер тексерушілерді ішке кіргізуден бас тартқан. Енді мейрамхана иесі 700 мыңға жуық айыппұл төлейді.
Семей қаласында бір апта ішінде 16 той өткізілгені анықталды. Олардың 16-ы үйлену тойы, 8-і ас беру, 5-і мерейтой және 1-еуі неке қию рәсімі.
Ал Түркістан облысында той өткізген 3 жанұя анықталды. Олар «Тұсаукесер» мен «Беташар»тойларын ұйымдастырып, 60 шақты адам шақырған. Созақ ауданында жыл басынан бері той-жиын жасаған 130 жайт тіркеліпті.
Еркебұлан Әбдеш, Созақ аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бастығының орынбасары:Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамастан той-жиын өткізу тоқтамай тұр. Осыған байланысты Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында мобилді топ құрылды.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08