Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 30 жыл толды
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 30 жыл. 1991-жылдың 2-қазанында Байқоңырдан Тоқтар Әубәкіровпен бірге экипаж командирі ресейлік Александр Волков пен аустриялық Франц Фибек «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанған-ды. Осы айтулы күнге орай Аустрияның билігі Қазақстанның осы мемлекеттегі елшілігімен бірге басқосу ұйымдастырды. Шарада көпшілік ғарыш саласының өткені мен бүгінін талқылап, болашаққа бағдар жасады. Тоқтар Әубәкіров жиынға қатысушыларға бейнеүндеу жолдап, австриялықтарды Қазақстанға, Байқоңырға сапараулауға шақырды. Аустрияның тұңғыш ғарышкері Франц Фибек естеліктерімен бөлісіп, барша қазақстандықтарға ыстық лебізін жеткізді.
Франц Фибек, Аустрияның тұңғыш ғарышкері:30 жыл бұрын Байқоңырдан досым Тоқтармен бірге ғарышқа аттанып, зерттеулер жүргізіп, қасиетті қазақ жеріне аман-есен оралдық. Пандемияға байланысты оның шараға келе алмағаны өкінішті. Менің екенші Отаным Қазақстан мен қазақстандықтарға да бақ-береке тілеймін.
Леонора Гевесслер, Аустрияның Көлік, инновация және технологиялар министрі:Ғарышкерлеріміздің ғарышқа бірге ұшқанына 30 жыл толуын тойлап жатқанымызға қуаныштымын. Ғарыш бізді біріктіруші. Осы ғарыштық зерттеулер арқылы өз өмірімізді, климатты қорғай алсақ онда болашаққа үлкен үмітпен қарай алатынымыз анық.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10