Бельгиядағы қазақстандықтар тәуелсіздік тойын тойлады
Бельгиядағы қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі ұлттық мерекеге орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Шараға корольдікте оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан қазақстандықтар мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Түрлі салада жетістікке жетіп, елдің абыройын асқақтатып жүрген жерлестеріміз мерекелік концертті тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Еңсесін тіктеген елдің қуанышына ортақтасып, барша қазақстандықтарға жүрекжарды тілектерін жаудырды.
Жанар Қоныс, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
Өте қуаныштымыз көргенімізге, тілімізді, салт-дәстүрімізді еске алғанымызға, бауырсақ жегенімізге өте қуаныштымыз. Елге, Отанға,халыққа айтар тілегім қайда жүрсек те, Қазақстанда болсын, Қазақстанның сыртында болсын елдің дамуына, экономикасының дамуына, тірегінің мықты болуына үлес қоса берейік.
Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі:
Осындай құрылған көпірлерді бұзуға болмайды. Бұл біздің достығымыз, үлкен байлығымыз. Соны қадірлеп, құрметтеу керек. Соған байланысты қазақстандық дипломаттар келешекте біз осындай тағы бірнеше кездесулерді ұйымдастырамыз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02