«Алтын глобус» жүлдесін «12 жыл құлдықта» фильмі ұтып алды
Лос-Анджелесте 71-ші «Алтын глобус» сыйлығымен марапаттау салтанаты мәресіне жетті. «Оскардан» кейінгі ең беделді жүлдені режиссер Стив Маккуиннің «12 жыл құлдықта» фильмі ұтып алды.
Шынайы оқиға желісімен түсірілген картинада бостандықта дүниеге келіп, құлдыққа сатылған адамның өмірі бейнеленген. Ал, «Гравитация» фильмін түсірген Альфонсо Куарон ең үздік режиссер ретінде танылды.
«Америкалық алаяқтық» фильмі «Ең таңдаулы комедия», оған түскен Эми Адамс «Ең үздік комедиялық актриса» атанған. Ал, Леонардо ди Каприо «Ең үздің комедиялық актер» номинациясы бойынша «Алтын глобус» жүлдесіне ие болды.
Сондай-ақ, Кейт Бланшетт «Озық драмалық актриса» атанса, «Озық драмалық актер» атағын Мэттью Макконахи иеленді.
Айта кетсек, «Алтын глобус» жеңіпаздарын Голливудта тіркелген Шетелдік журналистер қауымдастығына мүше 90 адам анықтайды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18