Ақтөбе облысында этнофестиваль өтті
Ақтөбе облысында этнофестиваль өтті. Қандыағаш қаласында ұйымдастырылған шараға аймақтағы ұлттық мұраны жаңғыртып жүрген шеберлер жиналды.
Көрме алаңы азпаздар мен қолөнер шеберлерінің өнімдеріне толды. Әсіресе, ғасыр бұрын қолданылған тұрмыстық заттар мен ат әбзелдері келушілердің ерекше назарын аударды. Этнофестиваль соңында шеберлер мен жыл бойы ала таңнан қара кешке дейін қажырлы еңбек еткен 20-ға жуық шаруа озаты марапатталды. Ұйымдастырушылар алдағы жылдың наурызына дейін 12 ауданды түгел аралап, шеберлердің жұмысын жаңғыртып, ел назарына ұсынуды көздеп отыр. Ендігі сапар Хромтау мен Ырғыз ауданында жалғаспақ.
Венера Ережепова, Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары:Әр ауданның өзіне сай ерекшелігі бар. Мәселен, Алға ауданындағы этнофестивальда көбіне қойетінен жасалған тағамдар болса, Мәртөк ауданында әр түрлі ұлт жиналғаны үшін ол жерде әр түрлі халықтың тағамдары көрсетілді. Бүгін Мұғалжар ауданында жылқы етінен жасалған тағамдар жасалып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09