Сыр өңірінде көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Сыр өңірінде жаңа жыл қарсаңында баспана тауқыметін көріп келген көпбалалы және тұрмысы төмен 40 отбасы баспаналы болды. Қармақшы ауданында 10 пәтерлік тұрғын үй берілсе, ал Жалағашта 30 жанұя қоныс тойын тойлады. Ауылды жерден берілген баспаналар толықтай инфрақұрылымдық жүйеге қосылған.
Семейліктер де бүгін жаңа жыл қарсаңында қоныс тойын тойлап жатыр. Қаладағы «Қарағайлы» ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үйден 25 отбасына пәтер кілттері табысталды. Жаңа қонысқа көп балалы жанұялар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар ие болды. Биыл бір жылдың ішінде қалада 400 шаңырақ мемлекеттік бағдарламалар аясында үйлі болған.
Сейілхан Сейсебаев, Семей қаласының тұрғыны:
Бүгін «Бақытты отбасы» шеңберінде мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып жатырмыз. Оншақты жыл болды. Үйдің кезегінде тұрғанбыз. Сонымен міне қуанышты болып жатырмыз. Абай арена жанында. Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Үлкен балабақшасы бар. Тағы салынып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05