Ақтөбедегі ахуал: Қаладағы коммуналдық мекемелердің барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр
Ақтөбе облысында кәсіпкерлік нысандардың ешқайсына зақым келген жоқ. Бүгінге дейін колл орталыққа 19 қоңырау ғана түскен. Қазір қаладағы коммуналдық мекемелердің барлығы әдеттегідей қалыпты жұмыс істеп тұр. жолаушылар тасымалында да кедергі жоқ.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Иә, ақтөбеліктер әлі де болса төтенше жағдай режимін ескере қояр емес. Мәселен өткен тәулікте полиция бөлімініе 169 адам жеткізілді. Олардың 149-ы әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Сондай- ақ Полиция департаменті 3 адамның қамауға алынып тағы 4 азаматқа қатысты бұлтартпау шара мен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Ал колл орталыққа хабарласқан кәсіпкерлер интертнет желісінің болмауынан қиындықтар барын айтқан. Сондай -ақ блокбекеттер арқылы тауар тасымалдау, комендаттық сағат кезіңдегі жеткізу қызметінің жұмысы және облыс әкімдігі ғимараты аумағында орналасқан нысандардың қашан жұмыс іститіндігі секілді сұрақтар болған.
Рахат Тәжібаев, «Атамекен» ӨКП сарапшысы:
19 сұрақтың көбісі интернет желісінің жұмыс істеуіне байланысты болса, сонымен қатар көп сұрақтар форс-можорлық жағдай. Яғни интернет желісіне байланысты кейбір кәсіпкерлер интернет желісімен жұмыс істейтін болғандықтан тапсырыстарын жеткізе алмай жатыр. Сондай-ақ комендаттық сағатқа байланысты жұмыс барысында доставка жедел жеткізіу қызметі сол жөнінде сұрақтар келіп түсті.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Жалпы облыс бойынша 10 блокбекет орнатылды, оңың 3-уі Ақтөбе каласында калганы аудандарда, жалпы қоғамдық тәртіп құқық қорғаушылардың толық бақылауында. Айта кетейін жаппай тәртіпсіздік кезінде 14 полицей жарақат алған болатын. Қазір тек 2 қызметкер ауруханада ем алып жатыр .
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02