Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнеске шектеу болмайды
Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнеске шектеу болмайды. Бүгін кәсіпкерлермен кездескен облыс басшысы сала өкілдеріне карантин кезінде жеңілдіктер жасалатынын жеткізді. Мәселен, банкет залдарына келушілер санын 100 адамнан асырмай істеуге болады. Түнгі клубтарда 70 пайыз, караокелер үшін 50 пайызға дейін адам қабылдауға рұқсат.
Рустам Адамов, кәсіпкер:Кәсіпкерлердің өтінішіне осылай жедел жауаптың болғаны бұл бизнеске үлкен көмек. Қазір біздің жағдаймыз шынымен де қиын. Беріліп отырған жеңілдіктер жұмыс орындарын сақтап қалуға септігін тигізеді.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, облыс тұрғындары 100 пайыз вакцина алған. Өңірде 1400 инфекциялық төсек-орын дайын тұр. Қажет жағдайда оның санын екі есеге көбейтуге мүмкіндік бар. Қазір балаларды індетке қарсы вакциналау да басты назарда,- дейді облыс әкімі.
Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:Қазір біз 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға екпе салу бойынша қызу жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы аптада жасөспірімдер 100 пайыз вакцина алып болуы тиіс. Тағы бір- екі аптада екпенің екінші компонентін де толықтай алады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10