Ақтөбеде көлік жөндеу орталығында жарылыс болды
Бүгін таңертең Ақтөбедегі көлік жөндеу орталықтарының бірінде жарылыс болды. Салдарынан үйінді астында қалған күзетші жан тапсырған.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл нысан Кеңес Нокин көшесінде орналасқан. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, газ баллоны жарылған. Яғни, нысан ішіндегі көліктердің бірінің газ жабдығында ақау болған деген болжам бар. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, бетоннан салынған ғимарат опырылып құлаған. Өкінішке орай, 68 жастағы күзетші көз жұмды.
Әзірге шығын көлемі белгісіз. Анығы - 11 көлікке зақым келген. Оның көбі іске жарамсыз болып қалған. Бүлінген аумақ 600 шаршы метр. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02