Ақтөбе облысында Ойыл өзені арнасынан асты
Ақтөбе облысында тасқын қаупі сейілмей тұр. Ойыл өзені арнасынан асып, Берсиев пен Екпетал ауылдарына қауіп төндіріп тұр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Еріген қар суы қазір Ойыл ауданы тұрғындарын әбігерге салуда. Кешегі түнде Төтенше жағдайлар департаментіне Екпетал ауылын су басу қаупі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан 205 адам 7 шақырым жердегі Ойыл елдімекеніне жеткізілді.Сондай-ақ 236 ірі қара малы, 453 қой-ешкі қауіпсіз жерге шығарылды. Ауылда 50 ер адам мен полиция қызметкерлері қалып, жағдайды бақылап тұр.
Қарғын су Берсиев ауылына баратын жолды шайып кетті.Ауданда Төтенше жағдайлар бөлімі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыс орталығынан көмекке 26 адам мен 5 техника жіберілді. Қазір өзен жағасын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоқ екенін хабарлады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02
«Наурыз» бағдарламасы: өңірлерге жеке лимит бөлінуі мүмкін
03.11.2026, 10:01