Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен үш ауылға бір аптадан бері қатынас жоқ
Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен үш ауылға бір аптадан бері қатынас жоқ. Бұл шағын елді мекендерде 700-ге жуық тұрғын бар.
Жарық, Қоғалы және Көкүй ауылдары Қобда ауданында орналасқан. Жол қатынасы тек Үлкен қобда өзеніндегі су деңгейі қайтқаннан кейін ғана қалпына келеді. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, елді-мекендерде азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткілікті. Су жағасына кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғындарға қажетті заттар қайықпен жеткізіліп жатыр.
Әлішер Сарыбаев, ТЖД басқармасының бас маманы:
Қобда өзенінің көтерілуіне байланысты автокөлік жолдарының үстінен ағын судың өту фактілері тіркелді, дәл осы учаскелерде.Қазіргі таңда Қобда өзенінде су деңгейі төмендеуде. Қауіп жоқ. Жақын күндері автокөлік түрлеріне жол ашылады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02