Денсаулық сақтау министрі теріскейдегі медициналық нысандарды аралады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірдің медициналық нысандарын аралап, дәрігерлермен сұхбаттасты. Аймақтағы шалғай елді мекендердегі жылжымалы медициналық кешендердің жұмысымен танысты. Облыста 10 осындай кешен жұмыс істейді. Сондай-ақ, министр Қызылжар ауданы Знаменское ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны да көрді. Төрт төсек-орынға шақталған дәрігерлік амбулаторияда жоспарлы түрде скрининг жүргізіледі. Өткен жылы 438 адам осында скринингтен өткен. 15 адамда жүрек-қан тамыры ауруының белгілері, 10 адамда қант диабеті анықталған. Министр медицина қызметкерлерімен олардың еңбекақысы және біліктілігін арттыру мәселелері туралы әңгімелесті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08