Президент «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады. ол Мемлекет басшысына палатаны жандандыру жолдарын таныстырды. Микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғанын айтты. Сондай-ақ, Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекеннің» қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдап, кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау жұмыстарын одан әрі жандандыруды тапсырды.
Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы:
Палатаның ұстанған жаңа бағыттарын қолдады. Әсіресе, ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес субъектілеріне ерекше мән беру қажеттілігі ескерілді. Дәл осы бағыт бойынша кәсіпкерлерді қолдауға арналған жаңа бағдарламаларды ашып, жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс істеуді қолға алу керектігі айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13