Алматыда тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлап кеткен бүлдіршін аман қалды
Алматыда тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлап кеткен бүлдіршін аман қалды. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 4 жастағы қыз бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған қосарланған жарақат деген диагноз қойды. Миы шайқалып, екі өкпесі жыртылған. Әсіресе, сол жақ өкпесі қатты зақымданған. Балаға шұғыл түрде операция жасалды. Науқас бес күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылған. Денсаулығы жақсарған соң үйіне жіберілді.
Дінмұхамед Рузуддинов, қалалық балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Ата-анасымен телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Қазір бала үйінде. Жүгіріп жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08