Түркия өзіне санкция жариялаған елдердің НАТО-ға өтуін қолдап дауыс бермейді
Түркия өзіне санкция жариялаған елдердің НАТО-ға өтуін қолдап дауыс бермейді. Мұны президент Реджеп Тайып Ердоған ескертті. Түрік лидерінің сөзіне қарағанда, Швеция оның қарсыластарына, ең алдымен ислам уағызшысы Фетхуллах Гүлен мен Күрдістан жұмысшы партиясының жақтастарына пана беріп отыр. Анкара оларды террористік ұйымдар деп есептейді. Сонымен қатар, Швеция мен Финляндия Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін Түркияға кейбір қару-жарақ түрлерін сатуға тыйым салды.
«Швеция мен Финляндия делегациялары Анкараға келіп, бізді үгіттемекші. Босқа әуре болмай-ақ қойсын», - дейді Ердоған. Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын Стокгольм де, Хельсинки де НАТО-ға өтуге өтініш беретінін ресми түрде растаған еді.
Арыстанбек Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07