Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарады
Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарап, Еуропада вирусты ең көп жұқтырғандар Ұлыбританияда тіркелді.
Марина Бекенова, тілші:Англияда індетке шалдыққандардың жалпы саны елу жетіге жетті. Лондонның Челси ауданында орналасқан клиниканың онға жуық қызметкері науқаспен байланыста болғандықтан шұғыл оқшауландырылды. Жалпы Испания, Португалия, АҚШ және Австралияда вирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Тізімде Шотландия мен Дания да бар. Жалпы әлемде инфекцияның жүзге жуық жағдайы тіркелген.
Розамунд Льюис, ДДСҰ шешекпен күрес ұйымының бөлім басшысы:Маймыл шешегінің негізгі белгісі теріде бөртпе пайда болады, қызу көтеріліп, әлсіздік сезіледі. Егер бойыңыздан инфекцияның қандай да бір белгілері байқалса, шұғыл дәрігерге жүгіну керек.
Мамандар қоғамдық орындарда ауру тез жұғады дейді. Яғни науқас адам жөтеліп немесе түшкірген жерде, ол пайдаланған затты қолданған жағдайда маймыл шешегін жұқтыру ықтималдығы өте жоғары. Дәрігерлер вирус туралы ақпарат әзірге аз болғандықтан мейлінше сақтанып жүруге шақырады. Еуропада жағдай бақылауда және соншалықты қауіпті емес. Мамандар қарапайым шешекке қарсы вакцина қорын молайту қажеттігін айтады, себебі ол маймыл шешегіне де қарсы тұра алады дейді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07