Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті ойынға дайындықты бастады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті ойынға дайындықты бастады. Алдағы доп додасы маусым айының үшінде, «Астана-Арена» стадионында Әзірбайжан құрамасына қарсы өтеді. Аяқдопшыларымыз УЕФА Ұлттар лигасында Молдованы жеңіп, С тобына жолдама алған болатын. Бұл кезеңде Әзірбайжан, Белоруссия, Словакия құрамаларымен кездесу күтіп тұр. Айта кетейік жақында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды. Бұл ойын жаңа тәлімгердің алғашқы бәсекесі болмақ.
Ермұхамед Мәулен, Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы:
Қазақстан Ұлттық құрамасында қазір жаңа бапкер. жаңа бапкер деп айтқанмен бұл кісі қазақстан футболын өте жақсы білетін маманның бірі. Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында өнер көрсетеді. үйреншікті жасыл алаң «Астана-аренада». жергілікті жанкүйерлердің қолдауы болса әзірбайжан құрамасынан басым түсеміз деген ойдамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27