Қонаев қаласында 46 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген
Тұрғындар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Қазір бізбен тікелей байланысқа әріптесім Қуан Нұрақын шығып тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:Біз таңғы жетіден Қонаев қаласындағы бірнеше референдум учаскесін аралап шықтық. Барлық жерде мерекелік көңіл күй байқалды. Әр учаскеде әжелер ансамблі ән шырқап, келушілерді ыстық ықыласпен қарсы алуда. Тұрғындар таң бозынан таңдауға бір кісідей атсалысып, азаматтық белсенділік танытып жатыр. Дауыс берушілердің арасында әсіресе, егде тартқан адамдар көп. Мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Солардың бірсыпырасының пікірін білген едік. Назарларыңызға ұсынамыз.
Сұраншы Мамеков, Қонаев қаласының тұрғыны:Ата заңымызға енгізіліп жатқан өзгерістерді біз қолдаймыз. Бұл жақсылыққа апаратын нәрсе деп ойлаймын.
Артур Матвиенский, Қонаев қаласының тұрғыны:Бүгін мен үшін бір ерекше күн. Ауа райы да керемет. Әділдік орнап, өзгеріс боларына сенеміз. Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгеруі де бір марқайтып тастады. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!
Қуан Нұрақын, тілшіАйта кетсем, қазір Қонаев қаласы бойынша 33 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Бүгінгі науқанды шаһар бойынша 170-ке жуық бақылаушы қадағалауда. Түске дейінгі мәлімет бойынша, тұрғындардың 50 %-ы өз таңдауын жасап үлгерген.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Көшені Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берілді
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04