Елімізде алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталады
Қаламгерлерге қарқын берер сыйлық. Елімізде алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталады. Бүгін мәдениет және спорт министрі ақындар мен жазушылар қауымына жүлденің талаптары мен міндетін таныстырды. Конкурс негізінен орта буынның шығармашылық өкілдеріне арналған. Байқау жеті номинация бойынша жарияланады. Олар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» және «Үздік кітап дизайны». Әдеби сыйлыққа тек отандық қаламгергерлер ғана қатыса алады. Жеңімпаздарға 5 млн теңге беріледі. Жүлдені жыл соңында табыстау жоспарланып отыр.
Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Бұл алдағы уақытта оқырмандар сұранысына ие болатын туындылар мен сапалы әдебиеттің басылып шығуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге біз әдебиетімізге жаңа есімдер мен тың дүниелердің қосылуына айрықша мән беріп отырмыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02