Көкшетауда тоғызқұмалақтан Азия кубогі басталды
Көкшетауда тоғызқұмалақтан екінші Азия кубогі басталды. Оған Ауғанстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия сынды бірнеше елден келген ойыншылар мен отандық командалар қатысуда. Азия кубогіне ел чемпионаттарында бірінші және екінші орын алған ойыншылар жолдама алған. Қатысушылар жекелей есепте классика, рапид және шапшаң ойнау бойынша сынға түседі.
Турнирдің бір ерекшелігі жарысқа онлайн режимде де қатысуға да болады.
Мақсат Шотаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті:
Тоғызқұмалаққа Азия елдерінде қызығушылықөте жоғары. Бірақ көптеген елдер келе алмай қалып отыр. Мысалы, Пәкістан, Оңтүстік Корея және тағы да біраз елдер бар. Тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейде дамуы тек қана офлайн түрде емес, онлайн түрде де жүзеге асып отыр. playok.com сайтында тоғызқұмалақты 50-ге жуық Азия елдері ойнады десек, артық айтқандық емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27