Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесіне 30 жыл
Биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесіне 30 жыл. Мерейтойға орай Алматыда, ұйымға мүше елдердің Қарулы Күштерінің III әскери-спорттық ойындары басталды. Сайысқа 7 елден 250-ден аса спортшы қатысады. Ауқымды іс-шарада әскери қызметкерлер қоян-қолтық ұрыс, штаттық қарудан ату, жүгіру және гір тасын көтеру сынды спорттың бес түрінен бақ сынайды. Бұған дейінгі жарыстар Ресей мен Қырғызстанда өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ТМД аумағындағы ең ірі әскери додалардың бірі. Үш жылда бір рет өтетін іс-шара шілден ің 8-іне дейін жалғасады.
Бауыржан Оразбай, ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары:
Біздің спортшылардың дайындықтары іріктеліп, Қарулы Күштердің ең мықты деген спортшыларымызды алдық. Енді жарыс барысында бақтарын сынап, өздерінің спортттық шеберліктерін жарыста көрсетеді деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02