Президент әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Бүгін Ақордада президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті. Министр зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселесі туралы баяндады. Сондай-ақ геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген, көші-қон саясатын дамыту жоспарын таныстырды.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Әлеуметтік кодексті даярлау аяқталды. Қазіргі таңда 80-нен аса кодекстер мен заңдарға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Ең негізгі мәселе әлеуметтік кодекстегі қазақстандық отбасылардың әлеуметтік жағдайын көтеру.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02