Астық экспорты әлем жұртшылығын алаңдатып отыр
Ресей Украина астығын Қара теңіз арқылы тасымалдауға кедергі жасамау туралы уәдесін қаншалықты орындайды? Бұл жағы алдағы бірер күнде белгілі болады. Келісімшарттың сәтті жүзеге асқанын жаһан жұрты тағатсыздана күтіп отыр. Себебі, Украина соғысқа дейін әлем тұтынатын бидайдың оннан бірін экспорттап келді. Бірақ, Ресей әскерінің бес ай бойы Украина порттарын блокадаға алып, астық тасымалына мұрша бермеуі көптеген елде азық-түлік дағдарысын туғызды. Құжатқа қол қойылғаннан кейін он екі сағат өтпей жатып, Ресейдің Одесса қаласын зымыранмен атқылауы салдарынан келісім бұзылуға шақ қалған еді.
Антони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
Бұл келісім алға жасалған оң қадам. Дегенмен, қағаздағы мәміле мен нақты істің арасында үлкен айырмашылық бар. Дүниежүзі бойынша миллион адам астық пен басқа да дақылдарды тиеген кемелердің Украина порттарынан әдемдік нарыққа шығуын күтіп отыр. Олар бұл келісімге әлем алдындағы жауапкершілігін сезініп қол қойды ма жоқ па, мұны жақын арада білеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07