«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі басталды
«AMANAT» партиясының қолдауымен «Ұлы дала жорығы» атты тұңғыш республикалық марафон-бәйге басталды. 100-ден астам шабандоз Қазақстанның киелі жерлерін аралап, елордадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырым қашықтықты басып өтеді. Марафон 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген. Межелі жерге ең қысқа уақыт ішінде жеткен команда мүшелері бас жүлде – «Ұлы дала сарбазы» атағы мен 30 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. Марафонының ашылу салтанатында AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Біздің бабаларымыз Ұлы дала шежіресін тұлпардың тұяғымен жазған. Бүгінгі ұрпақ – сол көшпенділер мәдениетінің заңды мұрагері. Біз қазіргі заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға тиіспіз. Бүгінгі бәйгенің басты мақсаты осы. Қазақстан Республикасының президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27