Алматы қаласының 65 мың тұрғыны банк қызметін пайдалана алмауы мүмкін
Алдағы уақытта Алматы қаласының 65 мың тұрғыны банк қызметін пайдалана алмауы мүмкін. Себебі олар былтырғы жылдың мүлік салығын әлі төлемеген. Қарыздың жалпы сомасы – 945 млн теңге. Өткен жылдың жеке мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазан аяқталады. Осы күнге дейін төлем жасалмаса, азаматтың тұрғылықты мекен-жайына хабарлама жіберіледі. Хатты алғаннан бастап 35 күн ішінде салық төленбесе, арнайы бұйрық шығарылып, іс сот орындаушыларына жіберіледі. Қосымша сұрақтар бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, ақапарат алуға болады.
Қуаныш Түменбаев, Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Берешек сомаға өсімпұл есептелінеді. Екіншіден, екінші деңгейлі банктер осы борышкерлерге қызмет көрсетуден бас тартады. Сәйкесінше жеке тұлғалар банктерде есеп шоттар аша алмайды. Аударымдар жасай алмайды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02