Аудиторлық компанияларда жұмыс істеп жүрген 1000-нан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Аудиторлық компанияларда жұмыс істеп жүрген 1000-нан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Аудиторлық нарықта жұмыс істейтін 25 компанияның өкілдері бухгалтерлерге сертификат беретін бірыңғай оператордың құрылуына қарсы.
Айтуларынша, бұл бастаманы Қаржы министрлігінің өкілдері көтерген. Бұл тиімсіз. Себебі, бұл бәсекелестікті жойып, жемқорлыққа жол ашады. Оған қоса аудиторлық компанияларда жұмыс істеп жүрген 1000-нан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Қазіргі сертификаттау ұйымдары барлық заң талаптарын сақтап отыр дейді бухгалтерлер. Ал, министрлік өкілдері бұл жоба әлі талқыланып жатқанын айтады.
Жанар Ожанова, «Кәсіби бухгалтерлер қауымдастығының» жетекшісі:
Біздің нақты талабымыз, қазіргі таңда Президентімізде айтып жатыр ғой. Біз шағын бизнес ұйымдары болғандықтан, бәсекелестік ортада жұмыс істеп жатқандықтан, біздің өзіміздің жүргізіп жатқан қазіргі таңдағы жұмысымызды ары қарай жалғастыруымызға рұқсат беруін сұраймыз.
Мұрат Әділханов, ҚР Қаржы министрлігінің департамент директоры:
Бұл мәселе бойынша, иә сондай мәселелер көтерілген. Алайда бұл министрліктің бір өзі шешетін мәселе емес. Бүгін осы уақытта консультативтік орган осы мәселені сол бухгалтерлермен бірге талқылап жатыр.
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы