Жамбыл облысында 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ
Жамбыл облысында 60 мың гектар жерді тек бір адам иеленіп келген. Иесі болғанымен игерусіз жатқан мұндай жерлер көп. Сондықтан, жыл соңына дейін аймақта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ. Ал, бүгінгі күнге дейін аймақта 156 адамның меншігіндегі 99 мың гектар жер мемлекетке өтті. Жалпы Жамбыл облысының жер көлемі 14 млн гектардан асса, оның 10 пайызы жекенің қолында мақсатсыз жатыр дейді жауаптылар. Қазір прокуратура арнайы мониторинг жүргізуде.
Нұрлан Ахаев, Шу ауданы прокуратурасының аға прокуроры:
Жалпы бүгінге қабылданған шаралар нәтижесінде, құны 228 млн теңгені құрайтын 17 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлер алдағы уақытта арнайы конкурс арқылы жеке кәсіпкерлерге шаруақожалық жүргізу мақсатында беріледі.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01