Өңірлердегі бөлімшелер жаңа техникамен жабдықталады
Табиғи және техногендік апаттармен күрес шараларын жүргізетін барлық бөлімшелер су жаңа мамандандырылған техникамен жабдықталады. Бұл туралы бүгін брифингте төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты. Ескірген техниканы жаңалауға алдағы үш жылдық бюджет есебінен қаржы бөлу жоспарланған. Қазір өңірлердегі бөлімшелер өрт сөндіру көліктерімен 60 пайызға дейін қамтылған. Оны 80 пайызға жаңарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, вице-министр саладағы барлық қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, жедел әрекет ететін құтқарушылардың жалақысы келер жылдан бастап өсетінін айтты.
Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары:
Ең төменгі жалақылары біздің өрт сөндірушілердің 110-108 мың теңгенің маңайында. Келесі жылға біз бюджетке қарастырып, Үкімет басшысы да қолдап отыр. Мемлекет басшысының қолдағанының арқасында келесі жылға біз 40 пайызға көбейтуге жалақысын ұйымдастырып отырмыз. 2023 жылдың қаңтарынан бастап төленеді.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02
ChatGPT жасөспірімдерге бейімделді
19.08.2026, 20:01