Қостанай облысында ұн өндірушілердің шығыны өтеледі
Ұн өндірушілердің экспортқа жұмсалатын шығыны өтеледі. Вице премьер, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қостанай жұртшылығымен кездесуінде осылай деді. Диірмен кешендері терең өңдеуге , яғни дайын өнім шығаруға бетбұрыс жасауы керек. Мұның бәрі отандық өнімнің шетелдегі бәсекелестігін арттырады. Алдағы уақытта Қазақстан үшін жаңа нарыққа жол ашылады. Соның бірі - Парсы шығанағы елдері. Қазір Қостанай облысында отызға жуық ұн тартатын кәсіпорын бар. Экспорт әлеуетін арттыруға біршама кедергінің болғаны рас. Оған қоса темір жол тасымалы көптен бері тұралап тұр.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:
Шағын нарықта қыруар пайда таппайсың. Ауғанстан бес миллион тонна, ал Өзбекстан жеті миллион тоннадай дәнді-дақыл жинайды. Яғни, өздерін толық қамти алады. Есесіне астықты экспорттайды. Сол себепті ұнды терең өңдеуге баса мән берген дұрыс. Мемлекет бұл бастаманы барынша қолдайтынын ескертемін.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02