Қостанай облысында қызамық ауруы өршіді
Қостанай облысында қызамық ауруы өршіді. Жұқпалы дерт былтырғымен салыстырғанда биыл жеті есеге артқан. Жыл басынан бері 97 балаға осындай диагноз қойылды. Бұл ауруды «күлгін безгегі» деп те атайды. Себебі дене мен тілге бөртпе шығып, тамақ ісіп, буын ауруы байқалады. Маңдай мен бет қызарып, мұрын айналасы бозарады. Қызамыққа қарсы ешқандай екпе жоқ. Ол қызылша сияқты ауа тамшылары арқылы тарайды. Сондықтан одан қорғанудың жолы дұрыс тамақтанып, күтініп, иммунитетті нығайту. Ауру байқалған сәтте дәрігерге қаралу аса маңызды. Себебі медициналық көмекке кеш жүгіну өмірге қауіпті.
Саят Бәшеев, облыстық Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Әсіресе 12-13 жастан асқан балалардың ата-ата-аналары бұған назар аудармайды. Тұмау деп жүре береді. Ауру асқынған жағдайда жүрекке, бүйрекке әсер етіп пиелонефрит ауруына әкеледі.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02