Павлодарда тауарлы сүт фермасы ашылды
Павлодар өңірінде тәулігіне 30 мың литр сүт өндіретін сауын фермасы ашылды.
Тауарлы сүт фермасы 1200 басқа арналған. Әзірге Даниядан ірі қараның Голштино-фриз тұқымынан 476 сиыр әкелінді. Олар бұзаулаған соң, сауын басталады. Шаруашылықта қазір 40 адам жұмыс істеп жүр. Ал алдағы уақытта тұрақты жұмыс орындарының саны 70-ке дейін көбеймек. Бір айта кетері, аймақта қазір 36 тауарлы сүт фермасы бар. Олардың 13-і соңғы екі жылда салынған. Нәтижесінде сүт өндірісі екі есе ұлғайып, асыл тұқымды мал басы артты.
Қуаныш Темірғалин, ферма басшысы:
Бұл жобаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Соның арқасында бір жылдың ішінде осы кешен құрылысын аяқтадық. Жұмысқа жақын маңдағы ауыл тұрғындарын алып жатырмыз. 70 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал көктемде малдың жем-азығын дайындау сынды маусымдық жұмыстар басталады. Күзде жиын-терім бар. Оған да ауыл адамдарын жұмылдырамыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00