Павлодарда өндірістік кәсіпорын өнім көлемін арттырды
Павлодарда 6 ай бұрын ғана іске қосылған өндірістік кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтты. Жылу алмастырғыш аппараттарын, резервуарлар мен темір конструкцияларын шығаратын зауытта Мемлекеттік бағдарлама бойынша сатып алынған жабдықтар тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Әзірге бұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал бірер күндерден соң тағы бір өндірістік цех құрылысы басталады. Сол кезде жұмысшылар саны 150-ге дейін ұлғаймақ. Қазір кәсіпорын облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға арналған темір бұйымдарды жасап жатыр.
Григорий Березуцкий, кәсіпорын басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта қала әкімшілігінің тапсырысы бойынша өнім шығарып жатырмыз. Жұмыс жетеді. Бұл бізге үлкен көмек. Себебі өндірістік салада бәсекелестік өте күшті. Біздер сияқты жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындарға мемлекет тарапынан осындай қолдау болып жатса неге жұмыс істемеске.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15