Қостанайда алкоголь өнімдері тәркіленді
Қостанайда брендтік маркалы шетел алкоголь өнімдерін қолдан жасап сатпақ болғандардың әрекеті әшкереленді. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 462 бөтелке ішімдікті тәркіледі. Бұл биыл облыста алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің жолын кескен үшінші жағдай. Оның ішінде жалған акциздерді пайдалану, ішімдікті қолдан жасау оқиғалары кездескен еді. Жыл басынан бері тәркіленген 93 мың бөтелке өнім жойылған. Соңғы оқиға бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Көркем Бектасова, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі:
Іс-шара өткізу барысында «Hennessy» - 430 бөтелке, «Jack Daniels» - 12 бөтелке, «Chivas Regal 18» - 20 бөтелке есепке алу-бақылау маркасыз ішімдік өнімдері тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02