Қостанайда 6 көпқабатты үй жылуға қайта қосылды
Қостанайда құбырдағы ақаудан 6 көпқабатты тұрғын үй жылудан ажырап қалғанын бұған дейін хабарлаған едік. Қыстың көзі қырауда тоңған халықтың жайын тікелей байланысқа шыққан әріптесім Дәуренбек Әбдібектен білсек. Дәуренбек, ақау қандай құбырда пайда болған? Тұрғындарға жылу берілді ме?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Жалпы осы аудандағы үйлерге келетін желіде ақау бар екендігі өткен аптада байқалыпты. Бүгін құбырдың тесілген орны анықталған. Ақау пайда болған негізгі желі емес, аула ішіне тарайтын құбыр. Оқиға орнында 8 адамнан тұратын екі биргада жұмыс істеді. Олар алдымен құбыр жарылған жерді қазып, суын құрғатты. Мұнан кейін дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Осыдан 2 сағаттай бұрын тұрғын үйлер жылуға қайта қосылған. Жағдай тұрақты. Яғни тұрғындар жылы үйде ұйықтайтын болды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02