Қостанайда балалар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары тоқтап тұр
Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасының күрделі жөндеу жұмысы үш жылдан бері аяқталмай келеді. Салдарынан науқастар талапқа сай келмейтін нысанда емделуге мәжбүр. 2020-шы жылы құны 1 млдр 200 млн теңге деп белгіленген жөндеу бір жылдан соң аяқталуы тиіс еді. Алайда жұмыс мерзімінде бітпегендіктен тапсырыс беруші мен мердігер соттасып, құрлыс мүлде тоқтап қалды. Бүгін аймаққа сапары барысында сенатор Сергей Карплюк осы нысанда болып, мәселені шешу жолдарын жауапты мамандармен талқылады. Сот барысында қос тарап бейбіт келісімге келген. Бірақ жұмысты жалғастыруға үш жыл ішінде бағаның өзгеруі мен мемлекеттік сатып алудағы қағазбастылық кедергі болып тұр.
Сергей Карплюк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мемлекеттік сатып алу туралы заңға көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Бірақ бәрі мінсіз болып кетті дей алмаймыз. Өткен жылы бюджет қаржысының қомақты бөлігі игерілмей қалды. Бұған басты себептердің бірі мемлекеттік сатып алу туралы заңдағы олқылықтар. Сондықтан оны әлі де жетілдіре түсу қажет.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02