«Qazaq Air» авиакомпаниясына 612 мың теңге айыппұл салынды
Бір жолаушы аш қалса, 600 мың теңге айыппұл арқалайсың! «Qazaq Air» авиакомпаниясына арызданған жолаушы соттан жеңіп шықты.
Ақтөбе-Астана бағытындағы рейс 4 сағат 40 минитқа кешіккен. Сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Бірақ жолаушы тамақтана алмаған. Себебі ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған екен. Енді сот үкіміне сүйенсек, «Qazaq AIR» компаниясына 612 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әр жолаушы арызданып, талап етуі керек дейді.
Талғат Қалиев, саясаттанушы:
Сіз ұшақтан ұшып келген соң уақытыңыз жоқ, сотқа барып жүретін анау-мынау деп ойлап қаласыз да содан сіз бермейсіз, содан тағы 149 жолаушы бермейді, түбінде солай қала береміз. Сондықтан барлық жолаушылар компенсация алып тұруы керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02