Қостанайдағы орман өрті тракторшының салғырттығынан тұтанған
Қостанай облысында қыркүйекте болған алапат орман өрті тракторшының салғырттығынан тұтанған. Әулиекөл аудандық соты осындай шешім шығарды.
2 қыркүйек күні 43 жастағы тракторшы жылжымалы вагонды орман арасына апарады. Техникасында ақау бар екенін біле тұра, қайтарда вагонды ауылға әкелмек болған. Қайтар жолда трактор мұржасынан ұшқын атып, от тұтанады. Сол күні ауа температурасы 38 градусқа көтеріліп, қатты жел соғып тұрған.
Жалпы орман өртіне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде әзірге сотқа жетіп үкім шыққан осы тракторшының ісі ғана.
Ләззат Байғожина, облыстық сот баспасөз қызметінің маманы:
ҚР ҚК 58-бабының 2-тармағы бойынша азаматқа бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 63-бапқа сәйкес тағайындалған жаза шартты түрде деп қабылданды. Іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09