Рудный қаласында төтенше жағдай жарияланды
Қостанай облысының Рудный қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Бұған қаладағы инженерлік желілердің әбден тозуы салдарынан жылу, су, кәріз құбырларының биыл жиі жарылуы себеп болды. Төтенше жағдай - апат болған кезде жедел қимылдап, қосымша күштерді жұмылдыруға, қажетті қаржыны да уақыт созбай жылдам бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда дәл қазір қаладағы жағдай тұрақты. Коммуналдық қызметтің барлық түрі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Қыс түскелі мұнда жылу мен су құбыры 3 рет жарылып, ондаған тұрғын үйлер мен бизнес нысандары тәуліктеп жылуысыз қалған еді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02