Елімізде полицейлер үш күнде 156 киберқылмысты ашты
Елімізде полицейлер үш күнде 156 киберқылмысты ашты. Оның ішінде қылмыстық кодекстің «Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу», «Порнографияны тарату», «Арнайы техникалық құралдарды тарату» сияқты баптар бар. Сондай-ақ, ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған 13 ұрлық анықталды. Олардың қатарында банктік шоттан ақша үптеп кету сияқты қылмыстар бар. Интернет пайдаланушыларға қатысты 283 алаяқтық әшкереленді.
Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ ресми өкілі:
Мысалы, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет алаяқтық сериясына күдікті 20 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, жігіт Instagram-дағы жалған аккаунтын ашып, жәбірленушілерге банктегі несиелерді төмен пайызбен қайта қаржыландыруға уәде беріп, алдаған. Қазіргі уақытта күдіктінің 5 интернет алаяқтық жасауға қатысы бар екені анықталды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02