Депутаттар отбасы құндылықтарына жіті көңіл бөлу керек
Жаңа сайланған депутаттар отбасы құндылықтарына жеткілікті көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту, қымбатшылықпен күрес кезінде белсенділік танытуы тиіс. Қоғам пікірі осындай.
Үміт Битенова, ақын:
Тұрмыстағы зорлық-зомбылық, әкенің жауапкершілігінің жоқтығы, ананың тастанды балаларды жасауы, туа салып шарананы лақтырып кетуі – осы жауапсыздықтың бәрі азаматтық некеден пайда болып жатыр. Менің мәжділісмендерге айтарым, ең алдымен, азаматтық неке туралы заңды қайтадан қарау керек және тыйым салу керек.
Бағдат Ізмағанбет, сарапшы:
Кәсіпкерлік дәл қазір үлкен көмекке мұқтаж деп есептеймін. Соның ішінде шағын бизнесті мүлдем салықтан босату мәселелері, жаңа кәсібін ашқандарға мүмкіндік жасау және құзырлы мекемелердің жан-жақтан тексеріп, қыспаққа алуынан арылту, яғни кәсіпті дамыту үшін оған еркіндік керек. Соны қамтамасыз етсе, Жаңа Қазақстанның - елдің экономикасы дамиды деп ойлаймын. Емханаларға барғанда да, мысалы, кезекке тұрып қаласың. Сол жағын реттесе. Сосын қазір қайда барсаң да, қымбатшылық. Жалақы өспейді, баға өсіп жатыр. Сол жағын тепе-теңдікте ұстаса, соған атсалысса деймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15