Соңғы үш айда елде 500-ден аса жемқорлық қылмысы тіркелді
Биылғы үш айда 500-ден аса жемқорлық қылмысы тіркеліп, 400 адамның сыбайластық әрекеті әшкере болды. Елу үші түрлі деңгейдегі басшылар. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдап, жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауға баса мән беруді тапсырды. Асхат Жұмағали қабылданып жатқан алдын алу және сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берді. Биыл қаңтардан бастап «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған. Мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алып үлгерді. Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін айтты.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03