Маңғыстаудағы мұнайшылар мәселесі шешіледі
Маңғыстаудағы мұнайшылар мәселесі жөнінде депутат Еділ Жаңбыршин бүгін Үкімет басшысына сауал жолдады. Мәжіліс депутаты аймақтағы өзекті мәселені шешу үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының» қызметіне біршама өзгеріс енгізу қажет дейді. Айтуынша, ең алдымен қара алтынды өзге елге төмен бағада сатуға шектеу қою маңызды. Ал компаниялардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көпжылдық келісім-шартқа отыру жағын қарастырған жөн.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Тендерге шығарылатын жұмыстар мен қызметтердің қаржы көлемінде еңбекақы қоры және әлеуметтік пакет бөлек көрсетіліп, ол баға ойынына түспеуі керек. Бұл жұмысшылардың дұрыс жалақы алуына, әлеуметтік жағынан қорғалуына кепілі болады.
Ал Бас прокуратураның хабарлауынша, Жаңаөзеннен Астанаға келген мұнайшылар босатылды. Бес адам бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны үшін ескерту алған. Дегенмен, олардың барлығы да үйлеріне қайтарылды. Қазір «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен жұмысшылар арасында арнайы комиссия құрылып, қызметкерлердің ұсыныс-талабы қарастырылып жатыр. Комиссия құрамында 10 мұнайшы бар.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Бұл мәселені шешу үшін КазМұнайГаз, сондай-ақ Энергетика министрлігінің басшылық құрамы осы жұмысшылармен кездесу өткізді. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәл бұрынғы еңбек жағдайы және дәл бұрынғы жалақысын сақтай отырып, Маңғыстаудағы басқа компанияларға жұмысқа кіру ұсынылды.
Айя Мүтәлиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27