Тәжікстан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында 9 құжатқа қол қойылды. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде өзара тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы қатынастарды дамытуға уағдаласты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі, әрі бауырлас, жақын мемлекет екенін атап өтті. Оның айтуынша екі ел арасындағы сауда айналымы былтыр 18,5 пайызға артқан. Бұл қазіргі жағдайда, жақсы нәтиже - деді президент. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізу көзделген. Ал келісөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Эмомали Рахмонды Алтын қыран орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15